КГУ «Жангалинская средняя общеобразовательная школа» Жангалинского районного отдела образования
0
«Мейірімді жүрек» акциясы

Мектебімізде  өзін-өзі тану апталығы аясында «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Мейірімді жүрек» акциясы өтті.

Акция мақсаты – оқушылардың бойындағы адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін дамыта отырып, кішінің үлкенге құрметі мен үлкеннің кішіге деген қамқорлығын сезіндіру болатын. Жоғарғы сынып оқушылары мектеп фойесіндегі «Мейірімділік жолымен» жүріп өтіп, арнайы бағыттаушы сызбалар арқылы үзіліс кезінде бастауыш сыныптарға қамқорлық көрсетті. Оқушыларға әр сыныптарда І – ІІ ауысымда мейірімділік тренингтері мен ойындар, шеберлік сағаттары, қайырымдылық сәттері ұйымдастырылды.  Аталмыш акция мектепте жылулық сезімін ұялатты. Шара соңы мектеп фойесінде кері байланыс парағын толтыру және жаппай флешмобпен тамамдалды.