КГУ «Жангалинская средняя общеобразовательная школа» Жангалинского районного отдела образования
0
Жағымсыз көңіл-күйден қалай арылуға болады?

Мектебімізде  «Жас ұлан» ұйымының белсенділерінің қолдауымен 19-ақпан күні жағымды атмосфера, позитивті көңіл-күй орнату мақсатында «Жағымсыз көңіл-күйден қалай арылуға болады?» атты сыныптан тыс шара өтті.   

Таңғы сағ.7:30дан 8:00ге дейін және ІІ ауысымда 13:30 – 14:00 аралығында оқушылар мен ұстаздарды «Смайликтер» қарсылап алып, көңілді әуендермен түрлі ойындар мен көңілді кадрлар түсірілді. Мектептің үш қабатында да позитивті ойындар ойнатылды, Аниматорлар жағымды атмосфера қалыптастыруға көп үлес қосты.  Жағымсыз көңіл-күйден арылу жолдары  ұсынылды. Ұстаздарға позитивті күнтізбелер таратылды.